Ақтаудағы дәмханалардың бірінде қонақтар арасында жанжал шығып, соңы атыспен аяқталып, бір адам жарақат алды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "КТК" телеарнасына сілтеме жасап.
Оқиға 8 шілдеде түнде болған. Алдын ала мәлімет бойынша екі тұрғын арасында жанжал шығып, күдікті қарсыласының бетіне "Аңшы сигналы" атты дыбысты іске қосу құрылғысынан атқан.
21 жастағы жігіт жарақат алып, оған алғашқы медициналық көмек көрсетілгеннен кейін үйіне жіберілген.
Облыстық Полиция департаменті мәліметінше, жедел іздестіру іс-шарасы барысында күдікті ұсталған.
"Оқиғадан кейін олардың бірі "Аңшы дабылы" сигналды іске қосу құрылғысын қолданып, ер адамның бетіне жарақат салған. Қылмыстық іс қозғалды. Күдікті жедел анықталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Жәбірленушіге медициналық көмек көрсетіліп, үйіне жіберілді", - деді Маңғыстау облысы Полиция департаментінің баспасөз хатшысы Әйгерім Ибатуллаева.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!