Ақтауда бір ай бұрын жоғалып кеткен әйел өлі табылды

Әлеуметтік желілерде биыл 30 қаңтарда жоғалып кеткен 38 жастағы Ақтау тұрғынының қаза тапқаны туралы ақпарат тарады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Lada.kz-ке сілтеме жасап.

Полиция департаменті әйелдің қаза болғаны туралы ақпаратты растады. 

Өлімнің нақты себебі, сондай-ақ зорлық-зомбылық белгілерінің бар-жоғы сот-медициналық сараптама нәтижелері бойынша анықталады. Құқық қорғау органдары соңғы қорытындыларды кейінірек жариялайтындарын мәлімдеді.

Ақтау тұрғыны 30 қаңтарда 35-шағынауданда орналасқан үйінен шығып, із-түзсіз жоғалған. Полиция қызметкерлері тәулік бойы іздеу жұмыстарын жүргізген.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!