Ақтауда бетперде тағып, жігітті сабап тастады дегендердің суреті тарады: полиция түсінік берді

Желіде Ақтауда болған оқиға туралы ақпарат тарап жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Полиция мәліметінше, фотода көрсетілген жеке мәліметтер шындыққа сәйкес келмейді.

Қазіргі уақытта Полиция департаменті бұл мәліметті таратушының жеке басын анықтау дерегі бойынша қызметтік тексеру жүргізіп жатыр.

Сонымен қатар, бүгінде бетін тұмшалап, екі азаматқа күш қолданған үш күдікті Ақтау қаласы Полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Тергеу жалғасып жатыр.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!