Ақтауда жоғалып кеткен 15 жастағы қыз табылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
16 қазан күні үйінен белгісіз себептермен шығып кеткен жасөспірім аман-есен үйіне оралған. Бұл туралы Ақтау полицейлері мәлімдеді.
"Ақтау қаласының полиция басқармасы криминалдық полиция қызметкерлері жасөспірімді ата-анасының арызы негізінде іздеу жұмыстарын жүргізіп, нәтижесінде жоғалған қыз 22 қазанда Жаңаөзенде табылды", - делінген хабарламада.
Қыздың анасы полицейлерге алғысын білдірді.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз