Ақтауда 23-шағынаудандағы "РусКаз" базарында өрт шықты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Lada.kz және inaktau.kz басылымдарына сілтеме жасап.
Маңғыстау облысы бойынша Төтенше жағдайлар департаменті өкілдерінің мәліметінше, кеше сағат 23:00 шамасында базарда алты бутик өртенген. Өртке не себеп болғаны әзірге белгісіз.
"11 қарашада Төтенше жағдайлар департаментінің диспетчерлік қызметіне 23-шағынауданда алты бутик өртеніп жатқаны туралы хабарлама түсті. Өрттен зардап шеккендер жоқ. Өртті сөндіру үшін 5 бірлік техника мен 30 адам жұмылдырылған", - деп хабарлады облыстың Төтенше жағдайлар департаменті өкілдері.
Кейін департамент өкілдері базардағы өрттің сөндірілгені хабарлады. Көрші дүкендердің иелері тауарларын алып кетіп жатыр.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!