Ақтауда баласын ауруханаға әкелген әке кезекші дәрігерге қол көтерді

Ақтауда баласын ауруханаға әкелген әке кезекші дәрігерге қол көтерді
Фото: depositphotos.com

Ақтауда облыстық балалар ауруханасының қабылдау бөлімінде кезекшілік атқарып жүрген балалар хирургі әрі онколог дәрігерге шабуыл жасалды. Оқиғаның видеосын жергілікті блогер Азамат Сәрсенбаев жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Видеода жанжалдың басталған сәті түсірілген. Оған не себеп болғанын білмеймін. Дәрігерге шабуыл жасаған адам заң бойынша қатаң жазалана ма, жоқ па?" – деп жазды блогер.

"Бұл жерде ең ашуландыратыны – адамның агрессиясы ғана емес, өзін ойына келгенін істеуге құқылымын деп санауы. Ата-аналардың баласы үшін алаңдап, уайымдайтынын, кейде ашуға берілетінін жақсы түсінемін. Бірақ бұл ешкімге дәрігерге қол көтеруге құқық бермейді", – деді блогер.

Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

Азамат Сәрсенбаевтың жарияланымы (@azamat_sarsenbayev)

Оқиғаға Маңғыстау облыстық полиция департаменті пікір білдірді. 

"31 қазанда Ақтау қаласындағы облыстық көпбейінді балалар ауруханасында науқастардың бірінің әкесі мен медицина қызметкері арасында жанжал болды. Бұл дерек бойынша полиция қылмыстық іс қозғады. Қазір тергеу жүргізіліп, оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр", – делінген полиция хабарламасында.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Massaget.kz
Logotype Massaget