Ақтауда қатты жел салдарынан 3 шағынауданындағы үйдің қасындағы балабақшаның шатыры көліктерге құлаған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі mangystaumedia.kz сайтына сілтеме жасап.
Ақтауда желдің екпіні секундына 16-21 метрге жетеді.
Оқиға орнында төтенше жағдайлар қызметінің құтқарушылары жұмыс істеп жатыр.
Олардың айтуынша, 6 көлік зақымданған.
Зардап шеккендер жоқ.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз