Ақтауда жекеменшік балабақшадағы бүлдіршіннің соққыға жығылуына қатысты жанжал шықты. Анасының айтуынша, баласының денесі бірнеше рет көгерген. Әйел полицияға арыз жазған, бірақ тәрбиеші баланы емдеуге кеткен шығынды өтеуге уәде бергенімен, жазадан жалтарып, басқа жұмысқа ауысқан, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Lada.kz-ке сілтеме жасап.
Жекеменшік балабақшалардың бірінде тәрбиешінің әрекеті түсірілген видеоны баланың анасы Instagram желісінде жариялады. Жазба авторы дәл осындай оқиға 2023 жылғы сәуірде болғанын айтты. Бейнежазбада тәрбиешінің "телефон ұстап отырғанын" және не болып жатқанына назар аудармай тұрғанда балалар бір-бірінің аяғын басып жатқаны көрсетілген.
"Баламды балабақша тәрбиешісі 2 апта бойы ұрды. Менің балам қазір сөйлемейді. Сәуірде арыз жаздым, тәрбиеші мен директор ұлымның жарты жыл бойы мамандарға емделуіне кететін шығынды төлейтінін айтып уәде берді. Олардың сөзіне сеніп, қолхат алмай, арызды қайтарып алдым - мұндай жағдай бірінші рет болып тұр. Содан кейін олар күнде ертең деп бастады, ал үш айдан кейін тәрбиеші маған ештеңе бермейтінін айтты және "қалаған жеріңе бар" деді. Директор уәдесінде тұрды, бірақ тәрбиеші одан бас тартты. Мен одан өз еркімен немесе қолма-қол ақша төлеуді сұрадым, бірақ ол мені бопсалады деп айыптап, қорқыта бастады. Ол ешқашан кешірім сұраған жоқ, мен өтемақы алған жоқпын", - дейді зардап шеккен баланың анасы Әсем.
Баланың анасының айтуынша, тәрбиеші Жаңаөзеннің мемлекеттік балабақшасында тәжірибеден өтіп жатыр.
"Директорға да, балабақшаға да шағымым жоқ. Менің қателігім, алдымен баламның емделуіне кеткен ақшаны алып, содан кейін арызды қайтарып керек еді. Бұл менің алғашқы тәжірибем болғандықтан, мен не істерімді білмедім", - деді ол.
Бұл жағдайға қатысты Ақтау қалалық білім бөлімі өкілдері пікір білдірді.
"Үш жасар баланың басқа балалардың әрекетінен зардап шеккені анықталды. Бұл ретте көмекші тәрбиеші бұл жағдайға мән бермеген, тәрбиеші де шара қолданбаған. Балабақша меңгерушісі ұжымға ескерту жасап, нәтижесінде тәрбиеші өз еркімен жұмысын босатып, ата-анасы баланы балабақшадан шығаруға шешім қабылдады. Ата-ана мен тәрбиеші арасындағы кикілжің жалғасқан. Бұл жағдайға қатысты ақпаратты балабақша меңгерушісі айтты. Айта кетейік, жекеменшік балабақшалардағы тексерулерге мораторий жарияланғандықтан, Ақтау қалалық білім бөлімі тексеру жүргізе алмай отыр. Ата-аналар құзырлы органдарға хабарласа алады", - деді ведомство өкілдері.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!