• 500.67
  • 490.7
  • 6.04

Ақтауда балабақша есепшісі директордың атынан қол қойып, қаржы жымқырған

Ақтауда балабақша есепшісі директордың атынан қол қойып, қаржы жымқырған
Фото: Tengrinews.kz/ Әлихан Сәриев

Ақтауда бюджет қаражатын заңсыз иемденген есепшіге қатысты үкім шықты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ақтау қаласының прокуратурасы балабақшада бюджет қаражатын заңсыз иемденiп алу деректерін анықтады.

Талдау барысында №39 Хиуаз бөбекжай балабақшасының есепшісі директорының атынан банк құжаттарына қол қойып, өзінің есепшоттарына мемлекет бюджетінен 9 млн теңгеден аса қаражатты заңсыз аударғаны анықталды.

Көрсетілген дерек бойынша есепшіге қатысты Қылмыстық кодекстің 189-бабының 3-бөлімі 1-тармағы бойынша үкім шығып, 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.

Еске салайық, бұған дейін Атырауда емхана есепшісі өз жеке кәсібіне 225 миллион теңгені аударып жібергені хабарланды. 

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget