Ақтауда әйел түзету орталығында ұлына күш көрсетілгенін айтты: жаңа дерек шықты

Ақтауда ерекше баланың анасы түзету орталығының қызметкерін ұлына күш көрсетті деп айыптады. Бұл жағдайға Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті өкілі пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Мән-жайы

Бұған дейін әлеуметтік желіде оқиғаның видеосы тарады. Маңғыстау облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілі редакцияға берген жауабында бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді.

Министрліктің пікірі

Балалардың құқықтарын қорғау комитеті мәліметінше, жеке түзету орталықтарының бірінде балалардың құқығы бұзылуына қатысты екі дерек анықталған.

"Бұл деректер бойынша қылмыстық іс қозғалып, бейнематериалдар тәркіленді, сот-медициналық сараптамалар тағайындалды. Білім басқармасы мен өңірлік бала құқықтары жөніндегі уәкіл орталыққа барып қайтты. Қазір бұл мекеме жабық", - деп жазылған хабарламада.

Мәселе комитет бақылауында екені айтылды. Сонымен қатар, бүгінде балалар үйлерінде, жағдайы тұрақты.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!