Ақтауда 13 шағынаудандағы көпқабатты үйден әйел құлап, қаза болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Маңғыстау облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Полиция мәліметінше, қайғылы оқиға 28-қыркүйекте болған. Оқиға орнына жедел жәрдем көлігі мен полиция келген.
"Сағат 13:21-де "102" нөміріндегі кезекшіге 13 шағынаудандағы үйдің төбесінен адам құлағаны туралы хабар түсті. Оқиға орнына жедел тергеу тобы келді. Қазіргі таңда тергеу жүріп жатыр", - делінген хабарламада.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!