Ақтауда әйел жүктілік туралы жалған анықтама көрсетіп, жазадан жалтармақ болған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ақтауда полиция қызметкерлері көлікті масаң күйде тізгіндеген әйелге қатысты әкімшілік құқықбұзушылық туралы хаттама толтырған.
Бұл үшін 15 тәулікке әкімшілік қамауға алу және 7 жылға көлік басқару құқығынан айыру жазасы қарастырылған. Істі қарау барысында құқық бұзған адам сотқа жүктілік туралы анықтама ұсынған.
Осыған байланысты сот оны әкімшілік қамаудан босатып, 7 жылға көлік басқару құқығынан айыру түріндегі қосымша жазаны ғана тағайындаған.
Ақтау қаласының прокуратурасы тексеріс барысында жүктілік туралы анықтама жалған екенін анықтаған. Осылайша, Маңғыстау облыстық соты бірінші сатыдағы соттың қаулысын өзгертіп, әйелге 15 тәулікке қамауға алу жазасын тағайындаған.
Медициналық құжатты қолдан жасау, оны пайдалану дерегі бойынша медицина қызметкері мен құқық бұзған адамға қатысты қылмыстық іс қозғалған (соталды тергеу басталған - еск.).
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!