Ақтауда тұрғын үйлердің бірінің маңынан әйелдің денесі табылды. Алдын ала мәлімет бойынша ол сегізінші қабаттан құлаған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
29 шілдеде әйел тұрғын үйдің кіреберісінде орналасқан қоқыс жәшігіне құлаған. Оқиға орнынан түсірілген видео әлеуметтік желілерде тарап кетті.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Маңғыстау облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. Тергеу жүргізіліп жатыр.
Ведомствоның баспасөз қызметі мәліметінше, марқұм құқық қорғау органдарының қызметкері болмаған. Бұған дейін БАҚ-та әйел полицияда жұмыс істеді деген болжам тараған еді.
Еске салайық, бұған дейін Павлодарда әйел екі баласын терезеден лақтырып, артынша өзі де секіріп кеткені хабарланды.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Ж. Қадыржанова