Ақтауда әйел алтын сағат аламын деп 500 мың теңгесінен айырылып қала жаздады

Ақтауда әйел алтын сағат сатып алам деп жарты миллион теңгесінен айырылып қала жаздады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Lada.kz-ке сілтеме жасап. 

Төлем жасалғаннан кейін сатушы байланысқа шықпай қойған.

Ақтауда әйел алтын сағат сатып алғаннан кейін 500 мың теңгесінен айырылып қала жаздады. Тауар үшін ақша төлеген соң, дүкен өкілі сатып алушымен байланысын үзген. Ақшаны қайтарып алу тек Маңғыстау облысының Сауда және тұтынушылар құқығын қорғау департаменті тұтынушыға қаражатын қайтаруға көмектесті. 

Зардап шеккен тұрғын департаментке жүгінген.

Шағымды қараған мамандар сатушымен хабарласып, ақшаны қайтару туралы нұсқама берген. Бірнеше күн ішінде 515 мың теңге сатып алушының есепшотына қайта аударылды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!