Ақтауда аялдама маңынан ер адам өлі табылды

Ақтауда аялдама маңынан ер адам өлі табылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі lada.kz-ке сілтеме жасап. 

7 желтоқсанда таңертең 9-шағынаудандағы аялдамада маңынан тұрғын жерде жатқан ер адамды байқаған. Оның қасында ұялы телефоны болған. Тқрғын телефондағы контактілер тізіміндегі ең бірінші нөмірге қоңырау шалған, ол ер адамның немересінің нөмірі болып шыққан.

Туыстары оқиға орнына келіп, жедел жәрдем шақырды. Дәрігерлер реанимациялық шаралар жүргізгенімен, оны құтқара алмады.

Оқиға орнына мән-жайды анықтау үшін полиция қызметкерлері келді.

Туыстарының айтуынша, ер адам таңертең дәріханаға шығып кеткен. Ол ұзақ уақыт бойы жүрек-қан тамырлары ауруларымен, яғни қан қысымы жоғары болып, жүрегі ауырған. Туыстарының алдын ала болжамы бойынша, оның өліміне инсульт не жүрек ұстамасы себеп болуы мүмкін.

Е адамға бір ай бұрын 64 жас толған. Ол 11-шағынауданда анасымен бірге тұрған.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!