Ақтауда автокөлік түгі қалмай өртеніп кетті (видео)

Ақтауда автокөлік түгі қалмай өртеніп кетті (видео)
Фото: lada.kz

12 шілдеде Ақтаудағы газ құю станцияларының бірінде автокөлік өртеніп кетті. Ол видеоға түсіп қалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Lada.kz"-ке сілтеме жасап.

Оқиға 12 шілдеде, шамамен 19:42-де болды. 29а шағынауданындағы "Атбұлақ" жанармай құю станциясында Daewoo Nexia автокөлігі өртенді.

"Өрт салдарынан көліктің иесі - 34 жастағы ер адам шамалы күйік алды. Дәрігерлер тексергеннен кейін оны ауруханаға жатқызбай үйіне жіберді. Сағат 19:52-де өрт сөндірілді. Өрттің себебі анықталуда", - деп хабарлады өңірлік ТЖД.

Өртті сөндіруге: Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің екі техника бірлігі және 14 өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің қызметкерлері, сондай-ақ бір техника бірлігі және Апаттар медицинасы орталығының үш қызметкері жұмылдырылды.

Желіде автокөліктің өртенген сәтінің видеосы пайда болды.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

А. Жапатова