Ақтауда ауызсу тапшы, енді қалада су кестемен беріледі, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"МАЭК" ЖШС мәліметіне сәйкес ауызсу деңгейін тұрақтандыру үшін 10 шілдеден бастап қаланың шағынаудандарына ауызсу мына тәртіппен беріледі.
№3-Орталық сумен жабдықтау торабы (ОСЖТ) төменгі және жоғарғы аймаққа бөлінеді.
Төменгі аймаққа 1-ден 8 ш/а-ға дейін, 21-ден 23 ш/а-ға дейін, 25 ш/а жатады. Бұл шағынаудандарға су мына тәртіппен беріледі:
Жоғарғы аймаққа 9-дан 15 ш/а-ға дейін, 16 ш/а №11, 36, 36/1, 36/2, 39, 40, 41, 42, 44, 73 үй, 17 ш/а №1, 20, 21 үй, 24 ш/а, 26-дан 29 ш/а, Толқын-1,2, 29А ш/а жатады. Бұл шағынаудандарға су мына тәртіппен беріледі:
"Каспий жылу, су арнасы" МКК мәліметіне сәйкес №4 Орталық сумен жабдықтау торабына (ОСЖТ) 16-ш/а-нан 20 ш/а дейін, 30-дан 39 ш/а дейін, Шығыс 1,2,3 ш/а жатады. Бұл шағынаудандарға су мына тәртіппен беріледі:
"Сағат 18.00-ден 20.00-ге дейін ауызсу қысымы біртіндеп артады. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұрап, түсіністікпен қарауды сұраймыз", - деп жазылған әкімдік мәліметінде.
Еске салайық, бұған дейін де Ақтау тұрғындары ауызсу жоқтығынан жолды жауып тастағаны хабарланды.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!