- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Ақтауда әскери қызметкер...
Ақтауда әскери қызметкер өз қызын зорлады деген күдікке ілінді
Әскери тергеу органдары Ақтау гарнизоны әскери бөлімдерінің бірінің әскери қызметшісіне қатысты соталды тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Ол қызын зорлады деп айыпталып жатыр. Бұл туралы InAktau.kz тілшісіне ҚР Бас әскери прокуратурасы хабарлады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бейресми деректер бойынша, күдікті - теңіз жаяу әскерінің қызметкері. Жәбірленуші 11 жаста. Күдікті қызын алты ай ішінде бірнеше рет зорлаған. Басылым мәліметінше, отбасында тағы бір қыз бар, ол жәбірленушіден кішкентай, бірақ болған оқиғаны видеоға түсіріп үлгерген.
Күдіктіге қатысты соталды тергеп-тексеру Қылмыстық кодекстің 120-бабының 4-бөлігі "Зорлау" және Қылмыстық кодекстің 124-бабының 3-бөлігі "Жас балаларды азғындық жолға түсіру" бойынша жүргізіліп жатыр.
"Бұл әскери қызметшіге қатысты сот қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берді. Маңғыстау облысында әскери қызметшілердің балаларға қатысты жасаған өзге де зорлық-зомбылық деректері тіркелген жоқ. ҚР ҚПК-нің 201-бабының талаптарына сәйкес тергеу мүддесі үшін өзге де ақпарат жария етілмейді", - деді Бас әскери прокурордың орынбасары Сәкен Ермекбаев.
ҚР Қорғаныс министрлігінің хабарлауынша, бұған дейін ер адам Қарулы Күштер қатарынан босатылған.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек