Ақтауда Қазақстан Республикасының Әскери-теңіз туы көтерілгеніне 29 жыл толуына орай салтанатты іс-шара өтеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Ақтау гарнизонының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ақтау гарнизоны баспасөз қызметінің жетекшісі Нұрбол Шалабаевтың айтуынша, мерекелік шара осы жексенбі, 17 тамызда сағат 10:00-де 15-ші шағынаудандағы амфитеатр маңында ұйымдастырылады. Іс-шара Қазақстан Әскери-теңіз күштері туының көтерілгеніне 29 жыл толуына арналады.
Мерекелік бағдарлама аясында:
- Әскери-теңіз күштерінің әскери кемелер шеруі;
- Ақтау гарнизонының жеке құрамының жаяу парады;
- Ұрыс дайындығы бойынша көрсетілімдер, соның ішінде теңіз десантының түсуі мен қолма-қол ұрыс тәсілдері;
- Өнерпаздар ұжымдары мен ӘТК әскери оркестрінің қатысуымен концерттік бағдарлама өтеді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек