Көлік министрлігі Ақтаудағы ұшақ апатына қатысты шұғыл мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Министрліктің алдын ала ақпаратына сәйкес бортта 37 Әзербайжан, 6 Қазақстан, 3 Қырғызстан, 16 РФ азаматы болған.
Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Ақтаудағы ұшақ апатына қатысты пікір білдірді.
"Әзірге ештеңе белгісіз, 14 жедел жәрдем бригадасы оқиға орнына шықты. Республикалық штаб құрылды. Оқиға орнына вице-министр ұшып кетті, ал басқа вице-министр мұндағы жұмысты үйлестіріп жатыр. Санавиация борттары апат орнына ұшуға дайындалады. Жарақаттану, нейрохирургия саласының мамандарын жіберіп, қажет болған жағдайда зардап шеккендерді эвакуациялаймыз", - деді Әлназарова Мәжіліс дәлізінде.
Еске салайық, 25 желтоқсанда Ақтау маңында ұшақ апатқа ұшырады. Ұшақ Бакуден Грозныйға ұшып бара жатқан. Бұл ұшақ Azerbaijan Airlines авиакомпаниясына тиесілі.
Кейінірек Төтенше жағдайлар департаменті оқиға орнына барды. Құтқарушылар жеткен кезде ұшақ өртеніп жатқаны анықталды.
Қазақстанның Көлік министрлігі де төтенше жағдайға байланысты мәлімдеме жасады.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!