Ақтауда алимент төлемей жүрген ер адам сотталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ақтау қаласының прокуратурасымен алимент бойынша берешегі 3 миллион теңгеден асатын "А" есімді азаматқа Қылмыстық кодексінің 139-бабының 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталған.
Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің нәтижесінде қылмыстық іс Маңғыстау облысы кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына жолданды.
5 шілдеде соттың үкімімен "А" есімді азаматқа 6 ай бас бостандығынан айыру түріндегі жазасы тағайындалды.
Ақтау қаласының прокуратурасы кәмелетке толмаған балаларды асырауға алимент төлемегені үшін ҚР ҚК 139-бабы бойынша 2 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылғанын еске салады.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!