Ақтауда әкімдік алдында өзін өртеп жіберген азаматтың жағдайы баяндалды

Ақтауда әкімдік алдында өзін өртеп жіберген азаматтың жағдайы баяндалды
Фото: depositphotos.com

Маңғыстау облысы әкімдігінің алдында өзін жағып жіберген азаматтың қазіргі жағдайы баяндалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі lada.kz сайтына сілтеме жасап. 

Облыстық көпсалалы аурухана берген ақпаратқа сәйкес, науқастың жағдайында оң динамика байқалмайды. Осыған байланысты дәрігерлер әзірге ешқандай болжам айта алмайтындарын жеткізді. 

"Дәрігерлер азаматтың өмірі үшін әлі де күресіп жатыр", - делінген жауапта.

Еске салайық, 5 желтоқсан күні Маңғыстау облысы әкімімен кездесуді талап еткен ер адам әкімдіктің алдында өзін өртеп жіберген еді. Ер адамның жағдайы ауыр деп бағаланып, полиция қылмыстық іс қозғады. 

Кейін желі қолданушылары Ақтауда өзін-өзі өртеп жіберген ер адамның қайтыс болғаны туралы ақпарат таратты. Артынша бұл жаңалық жалған деп танылды. 6 желтоқсандағы жағдай бойынша науқастың жағдайы өте ауыр деп бағаланды. 

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Д. Литпин