Ақтауда әкімдік алдында өзін жағып жіберген тұрғынның жағдайы белгілі болды

Маңғыстау облыстық көпбейінді аурухананың баспасөз қызметінің мәліметінше, зардап шеккен тұрғын жансақтау бөліміне жатқызылған. Оның жағдайы ауыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Дәрігерлер қажетті медициналық көмек көрсетіп жатыр.

Ал полиция департаменті осы оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғады. Тергеу амалдары басталды.

Еске салайық, бүгін, 5 желтоқсанда Маңғыстау облыстық әкімдігіне бір тұрғын келіп, өңір басшысының жеке қабылдауына кіргізуді сұраған.

Әкімдік қызметкерлері оған тұрғындарды жеке сұрақтары бойынша қабылдау жүргізіліп жатпағанын, бекітілген графикке сәйкес жазылып келуін өтінген. Содан соң оны Қарақия ауданы әкімінің орынбасары қабылдаған. Алайда оған қанағаттанбаған азамат үстіне жанармай құйып, өзін өртеп жіберген.

Полиция мен әкімдік қызметкерлерінің көмегімен өрт сөндіріліп, зардап шеккен адам ауруханаға жеткізілді.

Сая Мәжитқызы

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!