- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Ақтауда адамдар жантүршігерлік...
Ақтауда адамдар жантүршігерлік жол апатынан аман қалған
Фото:
instagram.com/112_aktau/
Ақтауда жантүршігерлік жол апаты болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Lada.kz-ке сілтеме жасап.
Маңғыстау облыстық полиция департаментінің мәліметінше, жол апаты 23 шілдеде болған. Shacman, Mitsubishi және Toyota автокөліктері соқтығысқан.
"Shacman жүк көлігінің жүргізушісі мас күйінде көлік айдағаны үшін жауапкершілікке тартылды. Көлік айыппұл тұрағына жіберілді. Қаза тапқандар жоқ. Жарақат алған зардап шеккендер медициналық көмек көрсеткеннен кейін үйлеріне жіберілді", - дейді полиция өкілдері.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина