Ақтауда NauryzSale акциясы аясында жәрмеңкелер өтіп жатыр

Ақтауда NauryzSale акциясы аясында жәрмеңкелер өтіп жатыр
Фото: Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі

Ақтау қаласындағы №57, №62, №66, №242, №247, №251 және №263 сайлау учаскелерінде NauryzSale акциясы аясында ұлттық тағамдар мен қолөнер бұйымдарының жәрмеңкелері ұйымдастырылды.

Жәрмеңкеде тұрғындарға қазақы сүт өнімдері – шұбат, айран, қаймақ, сондай-ақ табиғи бал, үй пісірмелері мен түрлі тәтті тағамдар ұсынылуда. Сонымен қатар жергілікті қолөнершілердің ұлттық нақыштағы бұйымдары, кәдесыйлар, әшекейлер және тұрмыстық қолөнер заттары көпшілік назарына қойылған.

Шара барысында қала тұрғындары мен қонақтары отандық өнімдермен танысып, қолөнер шеберлерінің еңбегін тамашалауда. Мұндай бастамалар ұлттық дәстүрді дәріптеп, жергілікті кәсіпкерлер мен қолөнершілерді қолдауға мүмкіндік береді.

Суреттер: Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі

Жәрмеңкеге келген тұрғындар ұлттық тағамдардан дәм татып, қолөнер бұйымдарын сатып алып, мерекелік атмосфераны сезінуде.

Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі ұсынған материал

Massaget.kz
Logotype Massaget