- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Ақтауда Mercedes-Benz көлігін...
Ақтауда Mercedes-Benz көлігін тізгіндеген жасөспірім ұсталды
Ақтауда кәмелетке толмаған жасөспірім жалған нөмір тағылған көлікті жүргізген, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Жедел басқару орталығының қызметкерлері бейнебақылау камералармен жұмыс істеу барысында жалған мемлекеттік тіркеу нөмірі тағылған Mercedes-Benz көлігін байқаған. Дереу нұсқау беріліп, патрульдік полиция қызметкерлері көлікті тоқтатқан. Көлік тізгінінде 16 жастағы жасөспірім болған.
Құқық бұзушыға қатысты Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 612-бабы 2-бөлігі ("Көлік құралын басқаруға құқығы жоқ адамның (үйренуден басқа), сол сияқты көліктің тиісті санатын басқаруға құқығы жоқ жүргізушінің көлік құралын басқаруы") бойынша хаттама толтырылған.
"Ювенал полиция инспекторлары жасөспірімнің ата-анасына ҚР ӘҚБтК-нің 127-бабы 1-бөлігі бойынша 10 АЕК (36 920 теңге) көлемінде айыппұл салды. Сондай-ақ, ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабы 4-бөлігі бойынша жалған мемлекеттік нөмір бойынша хаттама жасалды", - делінген хабарламада.
Жиналған материалдар шешім шығару үшін сотқа жіберілді. Көлік уақытша айыптұрағына қойылған.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Д. Шәріпхан