- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Ақтауда 80-ге жуық...
Ақтауда 80-ге жуық жасөспірім төбелескен
Ақтауда жасөспірімдер жаппай төбелескен, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Lada-ға сілтеме жасап.
Оқиға 27 қазанда түн ортасында болған. Жанжал 2-ші және 28-ші ықшамаудандағы жасөспірімдер арасында болған.
"Жарияланған видеода бөтелкелер, қолдан жасалған жарылғыш заттар мен отшашулардың жол бойымен ұшып бара жатқаны көрсетілген. Қатты айқай естіледі", - дейді басылым.
Ақтаулық тәртіп сақшыларының айтуынша, бұл дерекке байланысты полиция бөліміне 15-18 жас аралығындағы 76-дан аса адам жеткізілген.
Кәмелетке толмаған 56 баланың заңды өкілдеріне ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 442-бабы "Кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде немесе тұрғынжайдан тыс жерде болуы" бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды.
Бұл дерек Қылмыстық кодекстің 293-бабы "Бұзақылық" бойынша соталды тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.
Полицейлердің айтуынша, ауруханаға қоңыраулар түскен жоқ.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек