Былтыр 8 жастағы қызға тиіскен ер адам әлі жазаланбаған. Бұл туралы қыздың анасы айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Lada.kz сайтына сілтеме жасап.
Былтыр ер адамның әрекеті Қылмыстық кодекстің 124-бабы - Жас балаларды азғындық жолға түсіру бабы бойынша тіркелген. Алайда, қыздың анасының сөзінше, қылмыстық іс қылмыс құрамы жоқ болғандықтан тоқтатылған және күдікті жазаланбаған.
Биыл тоғыз жасқа толған Жадыра Арыстанова 2022 жылы 28 қыркүйекте 11 шағынаудандағы №37 үйдің айналасында қызы мен жиені мектептен келе жатқан. Олардың ізіне жігіт түскен. Балалар үйге жақындаған сәтте ер адам кішкентай қыздың арқасынан сипап, кетіп қалған. Артынша қайтадан келіп қыздың интимдік жерлерін ұстап, ыңқылдай бастаған. Балалар қорыққанынан не істерін білмей, бір орында тұрып қалған.
Кішкентай қыз подъезге кіре сала анасына хабарласып, жылап, не болғанын айтып берген.
Жадыра Арыстанова полицияға арыздануға барған. Ол жерде Жадыра шамамен үш сағаттай жүріп, өтінішін берген. Артынша бір аптадан кейін Жадыраға полициядан ешкім хабарласпаған да, жазбаған да.
Әйел адам бейнебақылаудағы видеоны өзі тауып алған. Видеоны телефонына жазып, полиция басқармасына барған.
"Басшының орынбасарына бардым. Ол видеоны өшіруімді сұрап, жігітті тауып, жазасын беріп, 5 АЕК мөлшерінде айыппұл салатынын айтып уәде берді. Бастапқыда ескерту жасайтынын, қайталанған жағдайда айыппұл жазатынын айтты. Мен қатты ашуландым. Видеоны Желіге салып жібердім. Сол күні күдікті табылып, оған адвокат берілді. Қылмыстық іс қозғалды", - дейді қыздың анасы.
Тергеу және сараптамалардан кейін тергеуші Жадыраға соттың шешімін күту керегін, ол шамамен 6-7 айда шығатынын айтқан.
2022 жылдың желтоқсанында Жадыра отбасымен Алматыға көшіп кеткен. Ол туралы тергеуші де, адвокат та білген.
"Мен олардан хабар күттім, бірақ нәтиже жоқ. 2 маусымда адвокат Раушан Цойға хабарласып, сот қашан болатынын сұрадым. Ол іс қылмыс құрамы жоқ болғандықтан тоқтатылғанын айтты", - дейді Жадыра.
Қазір зардап шеккен қыз 9-да. Бірақ сол күннен кейін ол сыртқа шығып ойнаудан, бөтен ер адамдардан қорқады. Оқу жылын әзер бітірген.
"Күдікті ер адам кінәсін мойындамай отыр. Бізге оның анасы мен әжесі келген. Бастапқыда жылап, артынша қызымның өзін кінәлап тастады", - дейді Жадыра.
Жадыраның сөзінше, прокуратура үкімінде ер адам қызға тиіскенін мойындаған.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!