Ақтауда полицейлер екі адамнан 79 келіден аса марихуана тәркіледі, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Арнайы операция барысында тәртіп сақшылары екі ер адамды ұстады. Олардың көлігін тінту барысында салмағы 79 келі 138 грамнан асатын марихуана салынған 27 полиэтилен пакеті және есірткі заты тәркіленді. Сондай-ақ, салмағы 59 грамм гашиш табылды.
"Есірткі, психотроптық заттарды заңсыз алу, сақтау және тасымалдау дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу қорытындысы бойынша күдікті сотқа жеткізілді", - деп жазылған хабарламада.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз