Ақтауда Тобанияз Әлниязұлының құрметіне қойылған 65 миллион теңгенің ескерткішінің тұғыры қирап жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Жергілікті тұрғындардың айтуынша, тұғырдағы қапталған тақтайшалардың бір бөлігі сынып, арматуралары шығып тұр.
Қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі бүгінде қаланы абаттандыру нысандарына ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізетін мердігерді анықтау бойынша конкурстық рәсімдер жүргізіліп жатқанын хабарлады.
"Мердігер анықталғаннан кейін қалпына келтіру жұмыстары жүргізіледі", - деп сендірді шенеуніктер.
Қазақстандық мемлекеттік сатып алулар сайтының мәліметінше, қала билігіне арналған бұл ескерткішті жөндеуге 65 313 642 теңге жұмсалған.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!