- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Маңғыстау облысы
Ақтауда 50 жыл жөндеу көрмеген жылу құбырлары жаңартылды
Ақтау қаласының тұрғындарын сапалы коммуналдық қызметпен қамтамасыз ету мақсатында 2024-2026 жылдары 44 шақырым магистралдық жылу құбырын жаңғырту жоспарланған. Биыл жобаның 1-ші кезеңі бойынша тозығы жеткен 11,5 ш/қ жылу құбыры толық ауыстырылды. Бұл мақсатқа республикалық бюджеттен 12 млрд.теңге бөлінді. Бұл туралы ОКҚ өткен баспасөз конференциясында облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбай айтты.
Сондай-ақ, тұрғындарды үздіксіз жылумен қамтамасыз ету мақсатында өткен жылы шұғыл шаралар кешені қабылданды. Жергілікті бюджет есебінен қуаты 65 МВт құрайтын 9 блокты модульді жылу қазандығы орнатылды. Сонымен қатар Ақтауда тұрғын үйлерге 479 автоматтандырылған жылу басқару торабы орнатылды.
Аталған жылу басқару тораптары жылу энергиясын тиімді қолдануға жол береді.
Бүгінгі таңда қаланың жылу жүйелеріне жылу беру штаттық режимде жүзеге асырылып отыр. Жылумен қамтамасыз ету жайы аймақ басшылығының қатаң бақылауында. Ақтау қаласының жылу желілерін жаңарту бойынша облыс әкімдігімен тиісті іс-шаралар атқарылуда.
Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі ұсынған материал
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
С. Сатыбалдина