- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Ақтауда 4 жасар...
Ақтауда 4 жасар бала терезеден құлап көз жұмды
Фото:
©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов
Ақтауда 4 жасар бала бесінші қабаттың терезесінен құлап мерт болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі lada.kz-ке сілтеме жасап.
Оқиға куәгерлері бұл жайт 25 сәуірде сағат 18:00 шамасында 17 шағынаудандағы "Дукат" тұрғын үй кешенінде болғанын айтты.
Төрт жасар бала бесінші қабаттың терезесінен құлап кеткен.
"Бала оқиға орнында алған жарақаттарынан көз жұмды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр", - деді Маңғыстау облысының Полиция департаменті өкілдері.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова