Ақтауда 34 жастағы ер адам лифт астында қалып, мерт болды. Ол оқиға орнында қаза тапты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі lada.kz-ке сілтеме жасап.
Қайғылы оқиға 24 қазанда түнде 3-шағынаудандағы ғимараттардың бірінде болған. Ер адамның үстіне лифт құлап кеткен. Ол оқиға орнында көз жұмды. Оқыс оқиға туралы облыстық полицияға хабарланды.
Қайғылы оқиғаның сәті видеоға түсіп қалған. Бұл жағдай дүкендердің бірінің ғимаратында болғаны байқалды. Екі адам сөрелерден нан түсіріп жатқан. Бір кезде лифт құлап кетіп, ерлердің бірі шахтаға тартып әкетеді.
Полиция қызметкерлері қайғылы оқиға 24 қазанында сағат 01:10-да 3-шағынаудандағы ғимаратта болғанын растады. 34 жастағы ер адамның үстіне лифт құлап, ол оқиға орнында қаза тапты.
"Бұл дерек Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 156-бабының 3-бөлігімен (Еңбектi қорғау қағидаларын бұзу) Ақтау қаласы соталды тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Сараптама тағайындалды. Тергеу жалғасып жатыр. Тергеу мүддесі үшін басқа мәліметтер жарияланбайды", - деді облыстық полиция қызметкерлері.
Маңғыстау облыстық көпсалалы ауруханасының баспасөз қызметі өкілдері зардап шеккендер түспегенін хабарлады.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!