Ақтауда 30 жастағы ер адам асылып қалған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі inaktau.kz-ке сілтеме жасап.
3 шілдеде сағат 16:50 шамасында 102-ге 7-шағынаудандағы пәтерлердің бірінде ер адам асылып қалғаны туралы қоңырау түскен.
Жедел-тергеу тобы шақыруға барған. Ақтау қаласының 30 жастағы тұрғыны қайтыс болғаны анықталған.
"Бұл дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы бойынша Ақтау қаласы Полиция басқармасында соталды тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде тіркелген. Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етілмейді", - деді Маңғыстау облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілі.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!