11-шағынаудандағы "Ынтымақ" алаңындағы әткеншек, тұрғындардың айтуынша, жарамсыз болып қалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Lada.kz сайтына сілтеме жасап.
Ақтау тұрғындары "Трио" әткеншектерінің шынжыры тағы жұлынып кеткеніне шағымданды.
Жағдайға Ақтау қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі пікір білдірді.
"Осы нысанды қалпына келтіретін мердігерді анықтау үшін конкурс өткізіліп жатыр", - деп жауап берді бөлім өкілдері.
Жөндеу жұмыстарына бөлінген қаражат қосымша хабарланады. Әткеншек құны 2 миллион 553 мың 441 теңге болған.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!