- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Ақтауда 16 жастағы...
Ақтауда 16 жастағы қыз бейімдеу орталығынан қашып, жоғалып кеткен
Ақтауда 16 жастағы қыз 1 ақпанда бейімдеу орталығынан қашып, жоғалып кеткен, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Lada.kz сайтына сілтеме жасап.
Үш аптадан аса уақыт бұрын жоғалып кеткен Анастасия Пенскаяның туыстары қызға қатты алаңдап, үйіне тезірек оралуын сұрайды. Жасөспірімнің анасы қыздың 1 ақпаннан бері байланысқа шықпағанын айтты.
Настяның анасының айтуынша, бұған дейін мұндай жағдай болмаған.
Жасөспірімді Маңғыстау облысындағы достары, таныстары, туыстары және полицейлер іздеп жатыр.
"Оны үйде сағынып күтіп отырмыз деңізші. Барлығымыз күтіп отырмыз. Әкесінің орнын басқан ағасы, әпкесі және өгей әкесі. Біз қатты уайымдап отырмыз. Қандай жағдай болса да, қандай мәселе болса да, біз бәрін шешетінімізді және жалғыз қалдырмайтынымызды білсін", - деді қыздың анасы.
Бойжеткен биыл 1 ақпанда түнгі сағат екілер шамасында жоғалып кеткен. Ол Маңғыстау облыстық кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығынан қашып кеткен.
Алдын ала мәлімет бойынша, Анастасия Пенская жоғалған күні қара күрте, қара шалбар және ақ-қара түсті кроссовка киген.
Ол қара шашты, бойы 165-170 сантиметр, кеуде аймағында татуировкасы бар.
Маңғыстау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі бұл мәлімдеме негізінде жедел іздестіру шаралары жүргізіліп жатқанын хабарлады.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
С. Бөлек