- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Ақтауда 13 жастағы...
Ақтауда 13 жастағы қызды зорлаған көпбалалы әкеге қатысты сот болып жатыр
Кәмелетке толмаған баланы зорлау фактісі бойынша сот талқылауы Ақтау №2 қалалық сотында өтіп жатыр. Сотталушы бес баланың әкесі 13 жасар қызды зорлады деп айыпталған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Lada.kz сайтына сілтеме жасап.
Басылым мәліметінше, жәбірленуші қыз эпилепсиямен ауырады. Туыстары қызды және оның анасын көпшіліктің қысымына ұшыратпау үшін бұл істі бөтен көздерден жасыруға тырысқан.
"Күдікті 5 баланың әкесі. Біз бұл оқиғаның мән-жайын білгенде төбе шашымыз тік тұрды. Мен оған жасағанының бәрін ұмытқым келеді. Қыздың өзі эпилепсиямен ауырады, туыстары мен ата-анасының арқасында сотқа дейінгі тергеу аяқталды. Соттың бірнеше отырысы өтті. Туыстарының айтуынша, сотта күдіктінің адвокаты анасын ата-ана құқығынан айырамын деп қорқытқан. Күдіктінің өзі де қызға зорлық-зомбылық туралы ешкімге айтпауы үшін қоқан-лоқы көрсеткен.
Айыптау актісінің мазмұны тек ер адамның зорлық-зомбылық әрекеттеріне негізделген. Ол оны зорлады! Тіпті оральді жыныстық қатынасқа түсуге мәжбүрлеген. Бәріне дәлел бар,биоматериалдар жиналды. Зорлаған ер адам ұсталып,уақытша ұстау изоляторына қамалды. Алайда, қорғаушы тарап болған оқиғаға қыздың анасын кінәлі деп пікір айтты", - дейді "НеМолчиKZ" қорының мамандары.
Қор еріктілері құқық қорғау органдарынан, сондай-ақ прокуратурадан аталған іске назар аударуын сұрайды.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина