Ақтауда 12 жастағы бала құздан құлап кетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі lada.kz-ке сілтеме жасап.
Оқиға 25 мамырда Caspian Rivera қонақүйінің артында болған. Бала 3-4 метр биіктіктен құлаған. Баланың жағдайы туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасы өкілдері мәлімдеді.
Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі өкілдері 25 мамырда түстен кейін сағат 11:31 шамасында оқиға туралы қоңырау түскенін хабарлады.
4А ықшам ауданындағы Caspian Rivera қонақүйінің артында 2012 жылы туған бала 3-4 метр биіктен құлап кеткен. Құтқарушылар полиция қызметкерлерімен бірге зардап шегушіні зембілмен жедел жәрдемге жеткізді.
Баланың жағдайы туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасы өкілдері айтты.
"Оқиға орнына жедел жеткен жедел жәрдем бригадасы баланы облыстық балалар ауруханасына тексеруге жеткізді. Дәрігерлер мидың томографиясын жасады. Балаынң бассүйек-миы жарақаттанып, миы шайқалған", - делінген хабарламада.
Дәрігерлердің айтуынша, баланың есі дұрыс, балалар ауруханасының жарақат бөлімінде жатыр. Дәрігерлер баланың үнемі бақылауда екенін атап өтті.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз