Ақтауда 10-қабаттағы пәтер терезелерінен кіріп-шығып жүрген балалар жұртты шошытты, - деп хабарлайды Qazaqstan телеарнасы.
Балалардың бұл әрекетін тұрғын кездейсоқ байқап қалған. Куәгердің айтуынша, қыздардың үлкені 4-5 жаста. Қалған екеуі кіші. Осы оқиға бойынша балалардың ата-анасы анықталып, оларға айыппұл салынған.
Еске салайық, кеше әлеуметтік желіде 10-қабаттағы пәтердің бір терезесінен шығып, үйдің сырт қабырғасындағы шығыңқы жер арқылы екінші терезеге кіріп-шығып жүрген балалардың видеосы тарады.
Оқиға Ақтау қаласындағы 32 "б" шағынауданында орналасқан "Атакент" тұрғын үй кешенінде болған. Терезеден кіріп-шығып ойнап жүрген 3 қыз бала көшедегі адамдардың көзіне түсіп, куәгерлер видеоға түсіріп алған.