- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Ақтау тұрғыны скейтбордпен...
Ақтау тұрғыны скейтбордпен бала қағып, бас бостандығынан айырылды
Ақтау тұрғыны скейтбордпен бала қағып, бас бостандығынан айырылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ақтау қалалық сотында М.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды. М.-ға ҚК-тің 114-бабының 3-бөлігі бойынша, яғни абайсызда денсаулыққа ауыр зиян келтiргені үшін айып тағылған.
Сотталушы М. 17 сәуірде сағат 18.00 шамасында 6-шағынаудандағы №36 үйдің маңында жаяу жүргіншілерге арналған жолақта электрлік скейтбордпен келе жатып, техникалық талаптарды сақтамай, кәмелет жасына толмаған жәбірленуші Б.-ны қағып, оның денсаулығына ауыр зиян келтiрген.
Прокурор М.-ды абайсызда денсаулыққа ауыр зиян келтiргені үшін кінәлі деп танып, 6 ай мерзімге бас бостандығынан шектеу жазасын тағайындауды сұрады. Жәбірленушінің өкілі сотталушы М.-ді заңға сәйкес жауапқа тартуды сұрады.
Сотталушы М. кінәсін толық мойындап, соттан бас бостандығынан айырмайтындай жаза тағайындауды сұрады.
Сотталушының кінәсі жәбірленушінің және сотталушының жауаптарымен, өзге де іс-құжаттарымен дәлелденді. Сонымен қатар, сотта жәбірленушінің заңды өкілінің заңға сәйкес қатаң жаза қолдануды сұраған пікірі ескерілді.
Сот М.-ге жаза тағайындау барысында қылмыстық жауапкершілігін жеңілдететін мән-жай ретінде оның кінәсін мойындап, өкінетінін, ал жазаны ауырлататын мән-жай жоқ екенін ескеріп, М.-ды ҚК-тің 114-бабының 3-бөлігінде көзделген қылмыстық құқықбұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танып, 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындады.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова