Ақтау тұрғыны кәмелетке толмаған қызды зорлады деген күдікке ілінді, - деп хабарлайды Lada басылымы.
Кәмелетке толмаған қызға қатысты әдепсіз әрекеттер жасады деген күдікпен Ақтау қаласының тұрғыны ұсталды.
Қылмыстық іс Қылмыстық кодекстің 124-бабының 3-бөлігімен "Кәмелетке толмаған белгілі адамға қатысты күш қолданбай, әдепсіз әрекеттерді бірнеше рет жасау" бойынша тіркелді.
"3 қыркүйекте ІІБ-не Ақтау қаласының тұрғыны кәмелетке толмаған қызына әдепсіз әрекеттер жасаған азаматқа шара қолдану туралы арызбен жүгінген. Күдікті қамауға алынып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Қалған ақпарат тергеу мүддесі үшін жарияланбайды", - деді Маңғыстау облысының Полиция департаменті өкілі.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!