Ақтау тұрғыны өз баласына сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық жасады деп шағымданды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ішкі істер министрлігінің хабарына қарағанда, 2023 жылғы 26 қаңтарда 35 жастағы әйел Ақтау полиция басқармасына өзінің жасөспірім ұлына қатысты сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық жасады деп жазбаша арызбен жазған.
Бұл дерек ҚР Қылмыстық кодекстің 121-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде тіркелген.
"Барлық мән-жайды анықтау үшін қажетті іс-шаралар өткізіліп жатыр. Сонымен бірге сот-медициналық сараптама тағайындалған. Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етілмейді", - деп хабарлады полицейлер.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!