Ақтау тұрғындары тағы да жолды жауып тастаған
Ақтау тұрғындары үйлерінде ауызсу болмауына байланысты 19-шағынаудандағы жолды тағы жауып тастады, жергілікті билік оларға жағдайды түсіндіріп, бірінші кезекте олардың талабын орындауға уәде берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ақтаулықтар жолға шығып, қоршап алған видеоның үзінділері әлеуметтік желілерде тарады.
Маңғыстау облыстық Полиция департаменті бұл деректі растаған. Баспасөз қызметі өкілі тұрғындармен әкімдік қызметкерлері сөйлескенін мәлімдеді.
"Полицейлер жедел әрекет етіп, жолды бірден ашты", - деді ПД өкілі.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Сонымен қатар, әкімдіктің ақпараты бойынша өңір басшысы Нұрдәулет Қилыбай ауызсу тапшылығын жою мәселелері бойынша кеңес өткізген.
Әкімдіктің баспасөз қызметі мәліметінше, қазір өңірде шамамен 40 мың текше метр ауызсу жетіспейді, оның ішінде Ақтауға тәулігіне 20-25 мың текше метр ауызсу қажет. Облыста проблеманы біртіндеп шешу үшін өнімділігі тәулігіне 147,5 мың текше метр болатын 10 су тұшытатын зауыт пен қондырғыларының құрылысы, бір магистральдық су құбырын реконструкциялау және кеңейту жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Еске салайық, бұған дейін де Ақтау тұрғындары ауызсу жоқтығынан жолды жауып тастағаны хабарланды.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Ж. Қадыржанова