Ақтау тұрғындары жылусыз отыр

Ақтауда 16-шағынаудандағы 18-үйдің тұрғындары 15 қазанда жылыту маусымы басталғанына қарамастан, пәтерлеріне жылу жетпегенін айтып, шағымданды. Олардың сөзінше, ыстық су да жоқ, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Lada.kz-ке сілтеме жасап.

Жылу жоқтығынан тұрғындар жылытқыш қосып, қалың киіммен ұйықтауға мәжбүр.

"Пәтерлерімізде жылу жоқ, ал басқа үйлерде бар. Ешкім оны қосуға тырыспады да, ыстық су да жоқ. Ешкім ештеңе жасамады. Балалар мен қарт адамдар тоңып, ауыра бастады", - деп шағымданды тұрғындар.

Тұрғындар үйдің маңы шашылып жатқанын айтады: жер қазылған, ыстық су люктері ашық.

Қала тұрғындарының айтуынша, бірнеше рет қызмет көрсететін компанияға, қалалық әкімшілікке және Каспий жылу, су арнасына жүгінген, бірақ нәтиже жоқ.

Қала тұрғындары наразылық ретінде жолды жабуға дайын екенін де мәлімдеді.

Қызмет көрсететін "Тастемір құрылыс" ЖШС-ның өкілі Каспий жылу, су арнасының желілерінде ақау шыққанын айтты.

"КЖСА" МКК жөндеуге уәде берді. Ашық ұңғымасы бар орын қоршалған. Олар мәселені шешкеннен кейін тұрғындардың пәтерлеріне жылу беріледі. 16-шағынауданның басқа үйлерінде жылуға қатысты мәселе жоқ", - деді "Тастемір құрылыс" ЖШС басшысы Жайлыбай Матаев.

Тұрғын үй инспекциясы өкілдері де "КЖСА" МКК қызметкерлері бұл ақауды жоюмен айналысатынын хабарлады.

"КЖСА" МКК мәселе нақты қашан шешілетіні жөнінде ақпарат бере алмаған.

"Қазір біздің қызметкерлер 16-шағынаудандағы 28-үйдің маңын жөндеп жатыр. Осы жұмыстар аяқталғаннан кейін олар 18-үйдің маңын жөндеуге көшеді", - деп жазылған хабарламада.

Басылым мәліметіне сүйенсек, жылу жоқтығына тек бұл үйдің тұрғындары шағымданып жатқан жоқ. Маңғыстау облысы әкімдігінің желідегі парақшасында қаланың әртүрлі шағынауданының тұрғындары жылу жоқ екенін жазған.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!