Ақтау тұрғындары жалған кәсіпкерлерді жарнамалаған блогерлерді жазалауды талап етті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Lada.kz"-ке сілтеме жасап.
Ашуланған адамдар тобының айтуынша, 3 жыл бұрын олар интернет арқылы АҚШ-тан "iPhone-ды тиімді сатып алуға" сеніп, ақша салған. Алданған азаматтар алаяқтарды ғана емес, олардың қызметтерін жарнамалағандарды да жазалау керек деп санайды.
Әлеуметтік желіде Қазақстан президенті мен халқына үндеу жолдаған бір топ адамның видеосы пайда болды. Олар қолдарына өздері кінәлі деп санайтын блогерлердің суреттерін шығарып алған.
"ҚР президенті Қасым-Жомарт Кемелұлына және біздің Қазақстанның азамат-азаматшаларына, блогерлерге үндеу жасаймын. 2020 жылы карантин басталғалы онлайн деген шықты. Ол бізде қаншалықты орынды? Онлайнның қажеті бар ма? Себебі онлайнға бізде сауаттылық аз болып жатыр. Осы онлайнның кесірінен қаншама қазақ алданып жатыр. 70 жастағы кемпір-шалға дейін алданып жатқанда қалай үнсіз отырасыздар?", - дейді видеодағы әйел.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!