Ақтау прокуроры ұсталғаны туралы ақпарат тарады

Ақтау прокуроры ұсталғаны туралы ақпарат тарады
Фото: gov.kz

Telegram арналарда Ақтау қаласының прокуроры Ерболат Әбдіров Алматы әуежайында мас күйде жанжал шығарғаны үшін ұсталып, айыппұл салынды деген ақпарат тарады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Желіде тараған ақпаратта "демалыстан оралған аға әділет кеңесшісіне екі бап бойынша әкімшілік хаттама толтырылғаны" айтылған: ішімдік ішу немесе қоғамдық орындарда мас күйде жүру, сондай-ақ, қоғамдық орындарда бейәдеп сөздер айту, азаматтарға тіл тигізу, мазасын алу және қоғамдық тәртіп пен адамдардың тыныштығын бұзатын әрекеттер.

Маңғыстау облысының прокуратурасы өкілі бұл ақпаратқа мынадай пікір білдірді:

"Бұл дерек бойынша қызметтік тексеріс жүргізіліп жатыр, оның қорытындысы бойынша қызметкерге қатысты тиісті шаралар қабылданады".

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget