Ақтау орталығында Ресей азаматының тұрып жатқан пәтерін белгісіз біреулер тонап кетті, - деп хабарлайды Lada.kz.
Басылым мәліметінше, оқиға 11-шағынаудандағы №39 үйде болған.
Ал ұрылар пәтерге түскені жайлы мәлімет әлеуметтік желіде тарады.
Бұл деректі Полиция департаменті өкілдері де растап отыр. Қазіргі уақытта тонау дерегімен шұғыл іздеу шаралары жүргізіліп, тергеу амалдары жалғасып жатыр.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!