Жаңаөзен - Ақтау арасындағы тасжолда жол апаты болып, адам өлімі тіркелді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі mangystaumedia.kz-ке сілтеме жасап.
Оқиға куәгерлерінің айтуынша, қайғылы жағдай Жаңаөзен қаласына таяу маңдағы жолдың ұшақ қонатын аумағында тіркелген. Әлеуметтік желіде жарияланған суреттерде оқиға кезінде Lexus GS300 көлігінің жол ортасын бөліп тұрған темір жиекке қатты жылдамдықпен соғылғанын аңғаруға болады.
Сонымен бірге көлікте болған екі адамның қозғалыссыз жатқаны анық байқалады.
Маңғыстау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлады. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Басқа мәліметтер тергеу мүддесі үшін жарияланбайды. Полицейлер жүргізушілерді жол ережесін сақтап, жолда абай болуға шақырды.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!