25 желтоқсанда таңертең Ақтау маңында Әзербайжан ұшағы апатқа ұшырады. Massaget.kz редакциясы жағдайды бақылап отыр. Бұл уақытқа дейін не белгілі? Оқиға орнында не болып жатыр?
Бакуден Грозныйға ұшқан ұшақ Ақтауға шұғыл қонуды сұрады деген алғашқы ақпарат сағат 11:20-да пайда болды.
Грозный әуежайының баспасөз қызметінің мәліметінше, бағыт өзгеруіне қалың тұман себеп болған. Ұшақ алдымен Махачкалаға, одан кейін Ақтауға қайта бағытталды.
@massaget.kz Ақтау маңында ұшақ апатқа ұшырады. Болжам бойынша, ұшақ Бакуден Грозныйға ұшып бара жатқан. Апат болған жерге ТЖМ 52 қызметкері мен 11 техникасы жұмылдырылды. Ақпарат толықтырылып жатыр.
♬ оригинальный звук - Massaget.kz
Алғашында ұшақ қатты қонған деп хабарланды, кейін оның құлағаны белгілі болды. Апат болған жерден түсірілген видеолар тарады.
БАҚ мәліметінше, апатқа ұшақтың құстарға соқтығысуы себеп болған.
Алдын ала ресми мәлімет бойынша ұшақ бортында 67 адам болды. ТЖМ мәліметінше, жолаушылар арасында аман қалғандар бар.
Құтқарушылар Ақтау маңында ұшақ құлаған жерде шыққан өртті ауыздықтады. ТЖМ орталық клиникалық ауруханасында дәрігерлер мен психологтар жұмыс істеп жатыр.
Бакуден Грозныйға ұшқан ұшақ Ақтауға шұғыл қонуды сұрады деген алғашқы ақпарат сағат 11:20-да пайда болғаны айтылды.
Ақтау маңында апатқа ұшыраған ұшақ - қысқа және орта бағыттарда кеңінен қолданылатын қос қозғалтқышты Embraer ERJ-190. Ұшақтар бразилиялық компанияда жасалған. ERJ-190 (E190) моделі кабинаның конфигурациясына байланысты 96-дан 114 жолаушыны тасымалдауға арналған. Бұл ұшақтар 4500 шақырымға дейін ұша алады.
Azerbaijan Airlines әуекомпаниясы мәлімдеме жасады.
Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай ұшақ апаты болған жерге барды.
Өңір басшысы оқиғаның мән-жайын біліп, құтқару жұмыстарының барысымен танысты. Сонымен қатар барлық құзырлы органға тиісті тапсырмалар берді және барлық жағдайдың бақылауда екенін айтты.
Денсаулық сақтау министрі ұшақ апаты болған жерге 14 жедел жәрдем бригадасы жөнелтілгенін айтты. Вице-министр оқиға орнына шықты, Астанада бір вице-министр жұмысты үйлестіріп жатыр. Санитарлық авиацияның рейстері сапарға дайындалып, травматологтар мен нейрохирургтер жіберілді.
Министрліктің алдын ала ақпаратына сәйкес бортта 37 Әзербайжан, 6 Қазақстан, 3 Қырғызстан, 16 РФ азаматы болған.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ақтаудағы жағдайға байланысты тапсырма берді. Президенттің тапсырмасы бойынша арнайы комиссия құрылды. Оны вице-премьер Қанат Бозымбаев басқарады. Қасым-Жомарт Тоқаев Ақтауға Астанадан дәрігерлерді жіберуді және зардап шеккендерге барлық қажет көмекті көрсетуді тапсырды.
Көлік министрлігінің мәліметінше, қазір Ақтау әуежайы ашық, қалыпты режимде жұмыс істеп тұр.
Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев Ақтаудағы ұшақ апатына байланысты Ресейден Бакуге оралды. Әлиев Санкт-Петербургте ТМД елдері басшыларының саммитіне қатысуы керек еді.
Денсаулық сақтау министрлігінің алдын ала мәліметі бойынша ұшақ апатынан 28 адам аман қалды, оның екеуі - бала.
Балалар омбудсмені Динара Зәкиеваның айтуынша, аман қалған балалар - 2013 және 2008 жылы туған қыздар. Оларға қажетті көмек көрсетіледі.
Әзербайжандық БАҚ Ильхам Әлиевтің тапсырмасымен мемлекеттік органдардың өкілдері ұшақ апатын тексеру үшін Қазақстанға барды деп жазып жатыр.
Федерал әуе көлігі агенттігінің мәліметінше, Ақтау әуежайында Embraer 190 жолаушылар ұшағының апатқа ұшырауына құстардың соқтығысуы себеп болуы мүмкін.
Lada.kz мәліметінше, Ақтау тұрғындары ұшақ апатынан зардап шеккендерге қан тапсыру үшін қалалық қан орталығына барып жатыр.
Telegram-арналары Әзербайжан ұшағы апатқа ұшырауына байланысты Баку әуежайында жаңажылдық шырша алынып жатқанын жазды.
Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев қаза болғандардың туыстарына көңіл айтты.
"Мен зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуін тілеймін", - деп жазды Әлиев Instagram парақшасында.
Әзербайжан әуе компаниясы Embraer 190 бортындағы жолаушылардың тізімін жариялады. Ақпаратқа сәйкес, борт ішінде 6 қазақстандық және 5 экипаж мүшесі болған.
Embraer 190 бортында 67 адам болған. Денсаулық сақтау министрлігінің соңғы жедел мәліметтері бойынша 28 адам аман қалды.
Ұшақ апатынан зардап шеккендерге қан қажеттігі айтылды.
Ақтау қаласы, 34а ықшам ауданы мекенжайы бойынша қан орталығында қан тапсыруға болады. Мүмкіндігінше көмекке 16:00-ге дейін барған дұрыс.
Әзірбайжан әуе жолдары зардап шеккендер мен олардың отбасылары үшін сенім телефонын ашты
Мына телефондарға хабарласуға болады: (+994) 12 5048280, (+994) 12 5048202, (+994) 12 5048203.
Қазақстандықтар зардап шеккендерге қан тапсырып жатыр. Қан орталығында көмек көрсетуге ниетті жандардың кезекке тұрғаны айтылды.
Төтенше жағдайлар министрлігінің нақтыланған мәліметтеріне сәйкес, Embraer 190 ұшағының бортында 69 адам, оның ішінде 5 экипаж мүшесі болған. Оның 42-сі Әзірбайжан, 16-сы Ресей, 6-ы Қазақстан және 3-і Қырғызстан азаматы.
Ұшақ құлаған жерде республикалық штаб жұмыс істеп жатыр. Оның құрамына Ішкі істер, Денсаулық сақтау, Көлік, Ұлттық ұлан және Сыртқы істер министрліктерінің өкілдері кіреді. Барлығы 288 адам мен 65 техника жұмылдырылған. Құтқару жұмыстары жалғасып жатыр.
Қылмыстық іс Бас прокурор Берік Асыловтың ерекше бақылауында – Бас прокуратура
Ақтауда бас шыршаны жағу рәсімі тоқтатылды
Ақтау әкімі Әбілқайыр Байпақов Tengrinews.kz тілшісіне берген сұхбатында бұл ақпаратты растады.
Кейбір БАҚ Embraer 190 экипаж мүшелерінің аман қалмағанын жазды. Mash Telegram арнасының хабарлауынша, аман қалғандар арасында әлі бір адам (бесеуінің ішінде) бар.
Жедел желі нөмірлері:
Төтенше жағдайлар министрлігінің басқару орталығы: 8-7172-55-96-2, 8-7172-55-96-83;
Ақтау қаласы бойынша желі: 8-7292-31-90-91.
Зардап шеккендер туралы жаңартылған ақпарат: барлығы 29 адам. Оның ішінде Маңғыстау облыстық ауруханасына 27 адам жеткізілді: 10 адам ауыр халде. 11 және 16 жастағы екі бала облыстық балалар ауруханасына жеткізілді. Олар ота жасауға дайындалып жатыр, деп жазды ИнАқтау.
Маңғыстау облысының әкімдігі тірі қалғандардың жаңа тізімін ұсынды. Олардың ішінде 29 адам бар. Бұған дейін 28 адам құрбан болғаны хабарланған болатын. Бұл тізімдегі "жаңа" белгісіз әйел 40 жаста. Азаматтығы да анықталмаған.
Төтенше жағдайды Ішкі істер министрі Ержан Сәденов бақылауда - ҚР Ішкі істер министрлігі
Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 344-бабының 3-бөлігі "Екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан жол қозғалысы немесе әуе көлігін пайдалану қауіпсіздігі қағидаларын бұзу" бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Апат болған жерге Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов ұшып барды.
Соңғы мәліметтер бойынша сенім телефонына 272 қоңырау түскен.
Денсаулық сақтау министрлігі апат орнына 22 жедел жәрдем бригадасын, апаттар медицинасы орталығының 6 бригадасын және төртінші жедел санаттағы 2 бригаданы жіберді.
Төтенше жағдайлар министрлігі апат орнынан жаңа кадрларды жариялап жатыр. Кадрлардан оқиға болған аймақтың қоршауға алынғанын байқауға болады.
сурет: ҚР ТЖМ баспасөзінен
Денсаулық сақтау министрлігі төрт жолаушының қаза болғанын растады. Қалған адамдарды іздеу жұмыстары жалғасып жатыр.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Әзербайжан президенті Ильхам Әлиевке көңіл айтты
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ильхам Әлиевке Маңғыстау облысында Әзербайжанның әуе жолдары ұшағы апатқа ұшырап, экипаж мүшелері мен жолаушылардың қаза тапқаны туралы суыт хабарды терең күйзеліспен қабылдағанын жеткізді.
"Орны толмас ауыр қайғыға ортақтаса отырып, Сізге, қаза тапқан азаматтардың туған-туыстарына және барша Әзербайжан халқына көңіл айтамын. Менің тапсырмаммен Қазақстан Үкіметі мемлекеттік комиссия құрды. Комиссия құтқару операциясы аясында тиісті шаралар қабылдап, Әзербайжан тарапына қажетті көмек көрсетеді", – делінген жеделхатта.
Астана тұрғындары Әзербайжан елшілігінің ғимаратына гүл шоқтарын әкеліп жатыр
Ақтаудағы апаттан зардап шеккендерге қан тапсырғысы келетіндер Астанадағы қан орталығына да барды.
Орналасқан жері: Керей-Жәнібек хандар көшесі 10.
Ақтауға Әзербайжаннан арнайы делегация келді
Делегацияны Әзербайжанның Төтенше жағдайлар министрі басқарды. Облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбай зардап шеккен азаматтарға қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатқанын айтты.
сурет: Маңғыстау облысының әкімдігі
Сенім телефондарына 296 қоңырау түсті - Төтенше жағдайлар министрлігі
Әзербайжандық БАҚ пен блогерлер қазақстандықтарға қол ұшын созып жатқандар үшін алғыс білдіріп жатыр
Әлеуметтік желілерде әзербайжандықтар "Қазақстанның құтқару қызметтері мен дәрігерлерінің жоғары кәсібилігін" ерекше атап өтіп, зардап шеккендерге қан тапсырғандардың барлығына "рақметтерін" жаудырып жатыр.
ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі Әзербайжан әуе жолдарының ұшағы құлаған аймақтан бірінші жақтан түсірілген видео жариялады.
Астанадағы Әзербайжан елшілігінің жанына гүл шоқтарын қойып жатқан жандардың қарасы көбейді
Астанадан тағы да фотосуреттер – елшілікке гүлдер әкелініп жатыр
Сенат спикері Мәулен Әшімбаев Ақтаудағы ұшақ апатынан қаза тапқандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтты.
"Мұндай қайғылы оқиғалар енді қайталанбасын", - деп жазды Әшімбаев әлеуметтік желіде.
Қазақстандағы Әзербайжан диаспорасының өкілдері Ақтауда қаза тапқандардың туыстарына көңіл айтты.
Премьер-Министр Олжас Бектенов Мемлекет басшысына Ақтаудағы ұшақ апатына байланысты ағымдағы жағдай туралы баяндады.
Оқиға орнында зардап шеккендерге жан-жақты қолдау көрсету шаралары жасалды. Төтенше күштер, атап айтқанда 430-дан астам адам мен 80 техника және 29 адам ауруханаға жатқызылды. Зардап шеккендерге қажетті медициналық және психологиялық көмек көрсетіліп жатыр.
Тоқаев Премьер-Министрге зардап шеккендермен жұмысты ерекше бақылауда ұстауды және көршілес елдердің үкіметтеріне қажетті көмек көрсетуді тапсырды.
Әзербайжанда 26 желтоқсанда аза тұту күні жарияланды
"Ильхам Әлиев тиісті жарлыққа қол қойды", деп хабарлады әзербайжандық БАҚ.
Сенім телефондарына 373 қоңырау түсті - Төтенше жағдайлар министрлігі
Ақтаудағы Әзербайжан консулдығы ғимаратына да гүл шоқтары қойылып жатыр
Ғаламторда қайғылы оқиғадан бірнеше минут бұрын түсірілген Embraer 190 ұшағының бортынан түсірілген кадрлар пайда болды.
Жолаушылардың бірі оқиға алдында бірдеңе боларын сезгендей видеоны әйеліне жіберген.
Ақтауда апатқа ұшыраған ұшақ бортынан жан түршігерлік кадрлар жарияланды
Видеоны жолаушылардың бірі апаттан кейін бірден түсіріп алған.
Ильхам Әлиев: "Апаттың себептері бізге белгісіз"
"Әртүрлі нұсқалар бар, менің ойымша, бұл мәселе толық зерттелуі керек", - деді Әзербайжан президенті.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!