Ақтау маңында ұшақ апатқа ұшырады. ТЖД оқиға орнына барды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Ақтауда ұшақ құлаған жерге ТЖД жеке құрамынан 52 адам мен 11 бірлік техникасы келді. Келген кезде ұшақтың өртеніп жатқаны анықталды. Құтқару бөлімшелері өртті сөндіруге кірісті. Қазір зардап шеккендер туралы ақпарат анықталып жатыр", - делінген хабарламада.
Төтенше жағдайлар министрлігінің Басқару орталығында республикалық жедел штаб құрылды. 87172-55-96-21 Командалық орталығында және 8-7292-31-90-91 Ақтау қаласында жедел желі телефондары жұмыс істейді.
Ақтау маңында ұшақ апатқа ұшырады. Болжам бойынша, ұшақ Бакуден Грозныйға ұшып бара жатқан.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!